Шағын қалада 12 жастағы Әли есімді оқушы достарымен бірге бақытты өмір сүрді. Айдана, Нұрлан және Тимурмен ол спортпен айналысып, болашаққа сеніммен қарайтын. Бір күні мектеп маңында белгісіз Алдамшы тұман пайда болды. Ол балаларды алдап, уақытша қызық пен жалған бақытты уәде етті. Алайда тұманға жақындаған әр адам әлсіреп, армандарынан алыстай бастады.
Балалар күмәнданған сәтте Даналық құсы келіп, тұманның адам денсаулығы мен санасына зиян келтіретін қауіпті заттардан құралғанын түсіндірді. Сонымен қатар полиция қызметкері жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, есірткінің зияны мен оның ауыр салдары туралы нақты мысалдар келтірді.
Осы түсіндірулерден кейін балалар саналы шешім қабылдады. Олар салауатты өмір салтын таңдап, спорт үйірмелеріне қатысып, білімге мән берді. Балалардың бірлігі мен дұрыс таңдауының арқасында Алдамшы тұман біржола сейілді.
Бұл оқиға жас ұрпаққа денсаулық, білім және дұрыс таңдау жарқын болашақтың негізгі кепілі екенін айқын көрсетті.
Амантаева Назым, Ж.Нұрманов атындағы #198 орта мектебінің 6 "А" сыныбы оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
