Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарғаны үшін іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздеу шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясының аумағында тегі мен әкесінің атын өзгерткені, содан кейін Ресей Федерациясының азаматтығы мен төлқұжатын алғаны анықталды.
Өзі туралы мәліметтерін ауыстыра отырып, ер адам Қазақстан шекарасын кедергісіз кесіп өтіп, құқық қорғау органдары мен шекара қызметтерін жаңылыстырған.
Қазіргі уақытта қос азаматтық фактісі дәлелденді және ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешіміне сәйкес құқық бұзушыға 540 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
2024 жылдың 12 айында БҚО полиция қызметкерлері қос азаматтықтың 57 фактісін анықтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!