Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте алимент төлемеген борышкер 2 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбекші ауданы прокуратурасы талдау нәтижесінде 4 жыл ішінде дәлелді себепсіз 6 838 670 теңге соммасына алимент бойынша берешек төлемеген борышкерді анықтады. Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Аудан прокуратурасымен 10.07.2024 жылы аталған факт бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Осылайша прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді» – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!