Фото: видеокадрдан скриншот 

Маскадағы белгісіз адам желідегі парақшасында биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана бергені туралы жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео Instagram желісіндегі Сhelovekvmaskee парақшасында жарияланды.
«Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар», – дейді видеода жомарт жігіт.

Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.

«Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін үкімет елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 мыңнан аса отбасыға баспана берілгенін мәлімдеді. Жалпы сомасы 49,3 миллиард теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!