Фото: Әлеуметтік желіден алынған

Танымал қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет өзінің жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Өзінің Instagram парақшасында әнші өзін қолдаған барша жанға алғыс айтып, кейбір адамдардың бұл жағдайды «өз пайдасына пайдалануға тырысқанын» атап өтті.

«Осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіремін. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жағдайды хайп пен рейтинг үшін пайдаланғандар да болды. Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі шықты. Мен заңнан биік емеспін, оған бағынамын. Бірақ маған тағылған айыппен келіспеймін және ешқашан келіспедім. Бұл мәселеге осымен нүкте қойғым келеді. Аман болыңыздар!» – деп жазды әнші.

Алмас Кішкенбаевтың сот ісіне қатысты толығырақ ақпарат әлі де белгісіз. Әнші бұл жағдайға қатысты қосымша сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!