Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
«Алматы Арена» мұз сарайындағы өрт болған жерден үш бала ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің психологы бір балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп, үш баланы ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы ауруханаға жеткізді. Өрттің себебін анықтау үшін ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр», – делінген сенбі күні таратқан хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!