Ит аулау бригадасы жұмылдырылып, оқиға орнына аттанды.

Талғарда бір топ қаңғыбас ит жасөспірімге шабуыл жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан балалар ойын алаңында жасөспірімге 10 – нан астам иттің шабуыл жасағанын көруге болады.

Алматы облысы әкімдігі оқиға орнына арнайы бригада шығып кеткенін мәлімдеді.

Ит аулау бригадасы жұмылдырылып, оқиға орнына аттанды. Жағдай туралы қосымша ақпаратты кейінірек, жаңа деректер белгілі болған кезде береміз, – деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!