Зорлық көрсеткендердің бірі – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі – күзет бойынша полиция қызметкері.

Фото: gov.kz

Желіде анонимді дереккөзден Қонаев қаласында екі полицияның қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Stan.kz жазуынша, деректерге сай, зорлық көрсеткендердің бірі – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі – күзет бойынша полиция қызметкері.

Екі полицей оқушы қызға істеген әрекеттерін видеоға түсіріп, басқаларға тартқан деген ақпарат бар. Ал оқиға басшылыққа жеткен кезде іс насырға шаппай тұрып екі қызметкер де оқиға күнінен бұрынғы датамен жұмыстан шығарылған.  

Қордың айтуынша, бұл туралы бүкіл полиция бөлімі білсе де, үндемейді.

Қыздың ата-анасы да үнсіз. Олардың бұл жағдайдан хабары болмауы мүмкін немесе олардың да үндемеуі үшін полиция келісіп қойған, – делінген желідегі жазбада. 

Осыған байланысты балалардың құқығын қорғау комитетінен Динара Закиева екі күдіктінің де қазір қамауға алынғанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!