Алматы облысы Қарасай ауданында кәмелетке толмаған қыздың 42 жастағы өгей әкесі оны алдап, зорламақ болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы ДП баспасөз қызметі
Алматы облысының ПД мәліметінше 1 тамызда Қарасай ауданының Полиция басқармасына 1966 жылы туған азаматша кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрап шағымданған.
«Сол күні арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-1-бөлігі, 1-тармағы бойынша аудандық полицияның СДТТБТ-ға тіркеліп, соталды тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1981 жылы туған М.-ны анықтап, ұстады», – деді Алматы облысы ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Тергеу барысында қылмысқа қатысы бар ер адам жәбірленушінің өгей әкесі екені анықталған. Ол кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түспек болған. Бұл уақытта олар туыстарының үйінде білім беру мекемесін таңдаймыз деген желеумен болған.
«Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», – деп мәлімдеді полковник Әленов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!