Алматы облысының үш судьясы жемқорлық күдігіне ілікті. Ол кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау мәселесін шешу үшін ірі мөлшерде ақша алды деп күдіктелуде. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдіктелген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергелуде”, – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің дүйсенбіде тараған ақпаратында.
Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы да айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. “Антикор” таратқан ақпаратына сүйенсек, ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған.
Сондай-ақ, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралуда, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталуда.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!