23 жастағы алматылық Кенжебек Исмаилов жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлды ChatGPT көмегімен алдырып тастаған. Бұл туралы ол Х желісінде жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылы желтоқсанда Кенжебек Исмаилов ереже бұзғаны үшін 5800 теңге көлемінде (жеңілдікпен) айыппұл салынғаны туралы нұсқаулық алған, кейін оны төлеген. Алайда бейнебақылау жазбаларын көрген соң айыппұл заңды екеніне күмәнданған.
Оның полицияға берген шағымы қанағаттандырылмаған. Бірақ Исмаилов берілмей, сотқа жүгінген. Ол талап арыз және басқа да құжаттарды әзірлеу үшін ChatGPT-ді пайдаланып, нәтижесінде сотта жеңіп шыққан.
Сот Исмаиловтың пайдасына шешім шығарып, айыппұлды жойды.
Енді ол азаматтық сотқа жүгініп, өтемақы алуды жоспарлап отыр. Алайда Алматы тұрғыны бұл ақша алу мақсатында емес, құқығын қорғау үшін екенін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!