Фото: Алматы қаласының әкімдігі
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастарға 2023 жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. Тұрғын үй бағдарламасын қолдау Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жалғасып келеді.
Бюджеттен қосымша 965 млн теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді, – деді Қанат Сухамбеков.
Биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!