Алматыда 4 жасар бала үшінші қабаттың балконынан құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баланың анасының айтуынша, кішкентай бала балконда орындыққа шығып, көшеге қарамақ болған кезде құлап кеткен. Үйде ересектерден ешкім болмаған.
«Баланы жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде ағзаға компьютерлік томография жүргізілді. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер баланы травмалық шоктан алып шықты, қазір жағдайы тұрақты», – делінген №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының хабарламасында.
«Балада көзге көрінбейтін жарақат болды. Оған хирургиялық бөлімде ота жасалды. Қазір баланың өміріне қауіп төніп жоқ. Бала жазылып, үйіне қайтарылды», – деді №2 БҚКА директорының орынбасары Назгүл Асанова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!