Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың жасаған қылмысына қатысты кезекті сот отырыс басталды. Бұл жолы тараптардың жарыссөзі жүріп жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы сот барысында Дужновқа мейлінше ауыр жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Дужновтың өзі жасаған әрекетіне еш өкінбейтінін ескере отырып, мүлкін тәркілеусіз өте қатаң калонияда ең жоғары жазаны тағайындауды сұраймын,

— деді прокурор.

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында айыпталушының бес адамның өмірін қиғанынан бөлек, шет елдегі әскери қақтығысқа да қатысқаны белгілі болған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!