Фото: Алматы қаласы ТЖД
Жыл басынан бері Алматыда құрғақ шөп жануының 300-ден астам жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, қалада 28 шілдеге дейін күндізгі температура 35–39°C дейін көтеріледі. Сондықтан мегаполистің аймақтарында өрт қауіптілігінің 5-ші санаты сақталып отыр. Мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін.
Қәзіргі таңда Әкімшілікпен бірлесіп, 104 шақырым аумақтағы құрғақ шөп шабылған.
-Қала тұрғындары мен қонақтарынан құрғақ шөп жанындағы от жағудан, шылым шегуден және шөп пен сабанды өртеуден бас тартуды сұраймыз, – деп хабарлады ТЖД.
Департамент өрт салдарынан ауыр зардаптар орын алса, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Кеңсай-1 аумағындағы тау бөктерінде өрт шықты.
Сондай-ақ Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!