Фото: almaty_police_departament

189 жол қозғалысы ережесін бұзу және 6,5 млн теңгеден астам айыппұлмен Алматыда шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы ПД мәліметінше, әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен де айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар «Zeekr» маркалы автокөлікті ұстады.

Жүргізуші 189 рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 млн 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!