Алматыда белгісіз ер адам танысудан бас тартқан қызды ұрып-соғып кеткен. Қыздың айтуынша полейцейлер оған “түнде жүрген өзің кінәлісің” деп арызын қабылдамай қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сай оқиға шілде айының соңында болған.
«Құрбым екеуміз өзеннің жағасында отырдық. Қолдарында сырасы бар екі ер адам келіп, бізбен танысқысы келді. Біз екі рет сыпайы түрде бас тарттық. Кейін олардың бірі балағаттап, неге таныспайтынымызды сұрады. Кейін ол кенеттен жұдырығымен жағымнан ұрды. Есімнен айырылдым, кейін 102, 103 шақыртыпты», – деді бойжеткен.
Ең сорақысы сол қыздың айтуынша, полицейлер оның “түнде серуендеп жүргеніне өзі кінәлі» деп арызын қабылдамаған.
«Мен прокуратураға екі рет хат жаздым. Істі тергеушіге беріңдер, олар әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғасын дедім. Біздің заңдарымыз осындай. 17 күн өтті, кінәліні таппады. Тіпті жақ сүйегім сынбаса да, психикам бұзылды. Олар істі жедел топқа немесе тергеушіге бере алмайды. Ешқандай камера жоқ, сондықтан оны таба алмайды», – деп қосты ол.
Алматы полициясы қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!