Фото: botsadkz

KAZINFORM – 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осыған орай, Алматы қаласында қарттар айлығы басталды.

Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы қарттар айлығына қатысып, мереке құрметіне егде жастағы алматылықтар үшін сыйлық жасайтынын хабарлады. Барлық зейнеткерлер қазан айында жұмыс күндері ботаникалық баққа тегін кіре алады. Ол үшін келушілер жеке куәлікті немесе зейнетақы картасын көрсету қажет.

– Біз қарт келушілерді, сондай-ақ өскелең ұрпақты аналарымен және әжелерімен бірге ботаникалық бақтың табиғатын тамашалауға және ұмытылмас отбасылық естеліктер жасауға шақырамыз, – деп хабарлады Ботаникалық бақ әлеуметтік желіде. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!