Алматы облысында құтқарушылар жоғалып кеткен бір отбасыны іздестіріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
3 қаңтар күні сағат 8:00-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Нақтырақ айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кеткен. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!