Әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары қыздарға шабуыл жасаған ер адамға шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек ер адам қыздардың жыныс мүшелерінен ұстаған.
«Бұл жігіт Бостандық ауданында әйелдерді аңдып, шабуыл жасап, жыныс мүшелерінен ұстайды. Мына видеода ол подъез жанындағы талдардың арасына жасырынып, қыздың соңынан аңдыған, кейін лифт ішінде шабуыл жасайды. Қыз теуіп жіберген соң қашып кетті», – делінген желідегі жазбада.
Ал қалалық полиция департаменті азаматтардың шағымына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!