Алматыдағы «Ақкент» шағынауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы – балалар.
«Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы – бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
16 қабатты үйде өрт шықты.
Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.
Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!