Фото:  Aikyn.kz

Ол штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Бостандық ауданының прокуратурасы Алматы мектебіндегі ахуалға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындаған.

«Сот үкімімен кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету») бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп жазды Алматы қалалық прокуратурасынан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!