Фото: Tengrinews.kz

Алматылықтарға бұған дейін құлағдар етілген Наурыз мейрамына арналған мерекелік керуен белгіленген уақыттан ерте басталып кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы әкімдігі сағат 10:00-де Абай алаңындағы ақын ескерткішінің алдынан Абай, Абылай хан және Төле би даңғылдарының бойындағы Наурыз мейрамына арналған мерекелік керуен жүріп өтетіні хабарлаған болатын. 

Дегенмен шеру жоспарланған уақыттан ерте басталды.

Сағат 23:00 шамасында әкімдік БАҚ өкілдеріне маршқа қатысушыларды таңғы сағат 08:00-де Абай алаңына жинау жоспарланғанын, өйткені директордың бұйрығымен 09:30-да керуеннің алғашқы легі жүріп өтуді бастап кететінін хабарлады.

Осылайша, шерудің басталатын уақыты өзгеріп, қала тұрғындарының көбі оны көріп үлгермей қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!