Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматыдағы Түрксіб ауданының тұрғындары жаңа туған нәрестенің денесін тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл кеше түнде Словакия көшесінің бойында болған.
«Кеше түнде 22:30-да біздің көшеде жаңа туған нәресте өлі табылды. Анасы әлі табылған жоқ», – деді Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғын.
Оның айтуынша, бала өзеннен табылған, ол уақытында өмірге келген бала.
«Кеше түнде учаскелік полиция қызметкері қоңырау шалды, біз түнгі үшке дейін көшеде болдық. Содан кейін таңертең полиция аумақты қарай бастады. Бірақ әзірге бәрі бекер, анасын табу мүмкін болмай жатыр. Ол өзенге көлікпен әкелінген болуы мүмкін», – деді әйел.
Алматы полициясы өзен арнасынан жаңа туған нәрестенің денесінің табылуына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!