Фото: railways.kz

Қазақстан темір жолы компаниясы қайта сатып алушылармен күрес бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы-1 теміржол вокзалында жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, кезекті тексеру жүргізілді. Соның барысында жеке кассада билеттерді белгіленген құннан екі есе жоғары бағамен сату фактісі анықталды, деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Тексеру кезінде жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Тергеп-тексеруге арналған материалдар уәкілетті органдарға берілді, – деп қосты ведомство.

Бұған дейін жол жүру құжаттарын қайта сатудың алаяқтық схемасы Алматы-2 вокзалындағы жеке кассада ашылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!