Алматы полициясы бейнекамераға түсіп қалған кішкентай қызды ұрлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде (қазір жойылды) ер адам баланы көше бойымен жетектеп жүрген видео пайда болды. Оқиға Абай мен Сайын қиылысында болғаны және ер адам қызды ұрлап әкетіп бара жатқаны хабарланды.

Бұл ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді. Тексеру нәтижесі бойынша хабарлама жалған болып шықты.

«Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, жалған деп хабарлайды.Бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі бір күн бұрын тексеру жұмыстарын жүргізді. Бейнежазбада өз қызымен қыдырып жүрген аудан тұрғыны бейнеленгені анықталды. Алматы полициясы азаматтарға жалған ақпарат таратпауды ескертеді», – деді полиция.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!