Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
Sputnik. Алматыда Отан қорғаушы күнінде тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, майдангер, Ұлы Отан соғысының ардагері Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу рәсімі өтті.

«Ол Қазақстан Қарулы күштерін құру кезеңінің бастауында тұрып, 90-шы жылдардағы қиын-қыстау заманда оны сақтап қалды. Біз оған мәңгілік қарыздармыз, зор еңбек сіңіргені соншалық, біз оны есте сақтауға міндеттіміз», – деді 1995-1996 жылдары Қазақстанның қорғаныс министрі болған Әлібек Қасымов.

Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов майдандағы ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды.Ал 1994 жылы «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, №1 «Алтын Жұлдыз» белгісімен марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!