Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

KAZINFORM – Алматы полициясы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы жалған ақпарат таратылғанын хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фактілерді бұрмалау болып есептеледі.

– Ауданаралық әкімшілік сот азамат А.-ны жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салды, – делінген хабарламада.


Полиция департаменті тұрғындарды тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сенуге үндеді, себебі жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілігі бар.

Еске салайық, бұған дейін Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпарат таралғанын хабарлаған еді.

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып саналатынын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!