Сурет: depositphotos.com

Алматылықтар мен облыс тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінен тиісті хабарламалар келіп түскен.

Зілзаланың магнитудасы 3,6-ны құраған. Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 41 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 20:35-те тіркелді. Зілзала ошағы 14 шақырым тереңдікте болған.

Google Карталар да Алматы маңындағы жерасты дүмпулерін көрсеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!