19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген 28 жастағы ер адам ауруханадан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот оған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын таңдағандықтан, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде қамауға алуды өтеу орны бойынша ауыстырды.

Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазған болатынбыз. 

Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні – Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. 

Полицияға пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.

Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты. 

stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!