Алматы қалалық ТЖД барахолка базары маңындағы өрттің оқшауланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрт аумағы 2550 шаршы метрге жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша кеңсе тауарлары мен ұялы телефон акссесуарлары жанған.
«Алматылық өрт сөндірушілердің күшімен 2250 шаршы метр аумақтағы өрт оқшауланды», – деп жазды төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Айта кетейік, өрт туралы ақпарат таңғы сағат 7:16 шамасында келіп түскен. Ведомство мәліметінше, Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайы бойынша қойма өртенген.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды.
«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді», – деп хабарлады ведомстводан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!