Алматыда жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото әлеуметтік желіден
Қазір күдікті полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және ҚР ҚК 351-бабы (екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен полиция жол апаты туралы тың деректермен бөлісті. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған, жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Басқарудан шығып кеткен автобус аялдама маңындағы бір топ адамды қағып, сонымен қатар төрт көлікпен соқтығысты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!