Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Полиция Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұстады және барлық автокөліктер арнайы тұраққа тоғытылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарсы бағытқа шығуы, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану талаптарын сақтамағаны, маневр жасау қағидаларын бұзғаны және авариялық жағдай жасағаны үшін хаттамалар толтырылды.

«Көлік құралдарында жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі талаптарды бұзған кәмелетке толмаған жолаушылардың ата-аналарына олардың балаларын күтіп-бағу, тәрбиелеу, оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін ІІМ кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен туыстарына оқу жылы кезінде және одан кейін заңнаманы қатаң сақтау, сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеу жасаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!