Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 7 сәуірде Алматы уақытымен 13 сағат 46 мин жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырым жерде) орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,5. MPV магнитудасы – 5,31», – делінген хабарламада.
MSK-64 шкаласы бойынша: Алматыда 2 балл сезілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!