Ішкі істер министрлігі қазақстандық олигархтар Бахаридин Әбләзімов пен Дінмұхамед Ыдырысовтың ұлдарын бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкері қорғағанын растады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атышулы төбелеске қатысы бар олигартарды ұлдары Нұрмұхамет Нұғман мен Жармұхамед Аппаздың оққағары болған Біржан Валиев бұрын полиция қызметкері болған.
«Аталған азамат 2020 жылдың 8 маусымынан бастап Ішкі істер органдарынан босатылды»,-деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматыдағы Little Brazil караоке-барына жаппай төбелес болған. Отандық актер Асқар Жұмабек те жаға жыртысқандардың қатарынан табылып, басы дауға қалды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің кінәсіз екенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.
Төбелеске қатысқан айыпкерлерге ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі «Атыс және газды қаруды қолдана отырып жасалған ұсақ бұзақылық», ҚК-тің 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігі «Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағады деген айып тағылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!