Фото: Massaget.kz
Фотограф Ернар Алмабек Маңғыстау облысына сапары барысында түйе сауып жүрген абысындарды суретке түсірді. Ауылдағы әдемі көрініс Қазнетті тәнті етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Сенек ауылында түсірілген. Кадрларда абысындар бір шаңырақ астында алты келін тұратынын айтады.
«- Алты келін бір шаңырақтың астында?
– Иә, екі келін Өзенде, біреу жұмыспен, біз үйдеміз баламен, қалған келіндердің кішкентайлары бар. Үш ағайындыдан тараған балалар ғой. Біз немере келіндерміз осы үйде.
– Екеуміз немере келінбіз. Бірақ туған апам сияқты.
– Бәріміз бірге тұрамыз, ешкім бөлінбейді, бір үйде тұрған соң бір үйдің балаларымыз», – дейді келіндер видеода.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!