Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

1. «Сыр Жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасының жүзеге асу барысы. 2025 жылға жоба бойынша ұсыныстар енгізу туралы.

2. Жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, оның ішінде: NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту,кәсіпкерлікке баулу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Кеңес мүшелері аталған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, кеңес дискуссиямен жалғасты.

Аталған жиынға кеңестің мүшелері, жауапты сала мамандары, «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері аталған тақырыптар аясында өз ұсыныстарын білдірді.

«Амаnат» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!