АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалуы мүмкін. Бұл туралы тележүргізуші Такер Карлсон радиожүргізуші Адам Короллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша Америка билігі мұндай әрекетке Трамптан қорыққандықтан немесе онымен күресудің басқа әдісін таппағандықтан баруы мүмкін. 

«Импичмент жариялауды ұйымдастыру үшін жала жабылды. Содан кейін 2021 жылғы 6 қаңтарда Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге қатысты Трампқа қарсы дәлелдер ойдан шығарылды. Алайда мұның бәрі Трамптан құтылуға көмектеспеді. Керісінше оның танымалдығы оған қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін де өсті», – деді журналист.

Карлсон Трампқа қарсы қолданылған әдістер нәтиже бермегенін, сондықтан оған қастандық жасау келесі қадам болуы мүмкін екенін ескертті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!