Орыстанған біздің тіл

Орыстанып бара жатыр тіліміз,
Тіл болмаса не болғаны күніміз?
Сары қонған орыстардың тілінен,
Ақтай болған Таза тілмен жүріңіз.

Енді міне Айта берер орысқа,
Ондай тілдер толары көп қоқыста.
Сасып жүрген жаман болған бұл тілді,
таза тілге қосқаны әттең дұрыс па?

Ондай тілге кіре берсін Биліктер,
Тарт деп бірақ оларға да илікпе.
Ауыр тілмен жүре берсін өздері,
бұндай тілге өз қаныңды сездіртпе.

Жалпы тілді қоса берсін өзіне,
қоспа сірә болса аяқсыз сөзіңе.
Ана тілді қадірле де сөйлеп жүр,
Тілді қалдыр артта ерер ізіңе.

Өткеніме

Менде кейде тоңамын өткеніме,
Қатты өкінемін 24тің көктеміне.
Сондай жылдың қайғысы болып еді,
Жараланған жүрек тоңып өткеніне.

Білерім көп айтармын сезім жайлы,
олда бір қуаныш қой мұң да қайғы.
Сезімдердің сырын ашқан ақындар да,
Менен артық махаббатсыз жүре алмайды.

Қайғы шекті махаббат та дара кешкен,
Өлген жақсы, болғанша қара көштен.
керегі жоқ сезімдердің енді маған,
Мендік сезім 24те жанып өшкен.

Сырға жеттім өлейін деп күшке сеніп,
Сезім түседі есіме мұңды кешіп.
махаббат деп жырладым өткенімде,
Қоштастық қарамады қырмен кетіп.

Сенен күттім сезім деген үміттерді,
Өкінішпен қайғы маған үміт берді.
Көрмеген сенен жаным үмітімді,
ауыр қайғы оны маған жиып берді.

Ана қасқыр

Күн суық қыстың толы айы еді,
Ұзағырақ жол шықтық жайы кені.
Аң аулаумен көзімді шел басқан ба,
Білмедік ақ арқаның тайы еді.

Жол-жөнекей соққанбыз жылыжайға,
Сол сәтте қасқыр сірә ұлымай ма.
Естідік, жалт қарадық сол бір кезде,
Қасқыр келд, жалт етіп жылыжайға.

Көріп қалдық, қарап қалды көздеріме,
Біраз тұрды, мән бергені сөздеріме.
Мылтық алдым қолыма ату үшін,
Берермін менен басқа өзге кімге.

Мылтықты сірә, қасқырға қарап көздеп едім,
Өлгені еді, құрту болды көздегенім.
Сондағы атар сәтте келді күшігі,
Атқым келмеді, оған қарап дым демедім.

Атсам оны не болады Һәм өмірі,
Қасқыр ғой мынау қайғырмайды өңірі.
Ана болған қасқырды ата алмадым,
Жібермеді суық болса да тар көңілім.

Ол да кетті, мен де кеттім дым болмай-ақ,
Мойындаймын қалтырады тың қол-аяқ.
Бірақ сол аяуымның арқасында,
Аман қалды сол қасқыр бастан аяқ.

Осымен аяқталды оқиғамыз,
Балаларын тастай салар сондай арсыз.
Аналардан айырылу балажанды,
Ауыр тиер бар балаға қалса жалғыз.

Ағарыс Мухинадин

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!