Еуропадан туған анасын іздеп, Қазақстанға келген Жәнібек Савелиев Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Анашым, қайдасың? Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?» Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? – деп жазды Жәнібек.
Ол сонымен бірге әке-шешесіндей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіне жылу сыйлайтынын айтты.
Менің туған анамды іздеуге байланысты қазіргі уақытта не істеп жатқанымыз туралы көбірек ақпарат алғыңыз келе ме? – дейді Савелиев.
Айта кетейік, 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесуге тырысқан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!