44 жастағы ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 21 тамызда болған. Жаға ұстатарлық оқиға туралы бүлдіршін анасына келесі күні ғана айтқан, өйткені келіншек денсаулығына байланысты ауруханада болған. Сұмдық жайтты естіген бойда әйел Тұран ауданының Полиция басқармасына шағым түсірген.

Полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні пәтерінде ұстады. Сонымен қатар полицейлер 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелерді тапқан, оны ер адам шөп шегу үшін қолданған болуы мүмкін.

Қазір психологтар жәбірленуші бүлдіршінмен жұмыс істеп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындады. Күдікті ұсталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!