Қожабаевтың ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ай бойы тергеген.

Фото: Wikipedia
Шымкентте бұрынғы қала прокуроры Мақсат Қожабаев 5 жыл 6 айға сотталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Онымен бірге атышулы іске кәсіпкер Зәкір Ғұламов та тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қожабаевтың ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше ай бойы тергеген.

Сот үкімін сотталушымен бірге журналистер мен олардың туыстары тыңдады. Сот ашық өткенімен, БАҚ өкілдері сотталушылардың бетін көрсетпеу шартымен оны жариялай алды.

Сот үкімімен Қожабаев 5 жыл 6 ай, Ғұламов 5 жыл 1 ай түрмеде отырады. Сондай-ақ судья бұрынғы прокурорды мемлекеттік наградаларынан айыруды сұрады.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторларда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынады.

Сот Қожабаев пен Ғұламовты кінәлі деп таныды. Сот үкімімен Қожабаев 5 жыл 6 айға, Ғұламов 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен және сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен дәлелденді, – деп үкімді оқыды Самиддин Теміралиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!