Тоқты
Апта жағымды жаңалық пен қуанышты оқиғадан басталады. Уақытыңызды жақындарға арнау үшін жұмыс барысында жауапкершілік артудан аулақ болыңыз. Күнделікті жоспарды қадағалап, өткен күнді ой елегінен өткізуді әдетке айналдырыңыз.

Торпақ
Жұмыс барысында сәтті кездесу мен табысты шешім күтіп тұр. Осы уақытқа дейін көп күш жұмсаған істі де абыроймен аяқтайсыз. Бастысы өзіңізге және болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Апта бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүреді.

Егіз
Жуық арада өзіңіз жоспарлаған саяхатқа шығасыз. Сол үшін өз салаңызда белсенділікті арттырған абзал. Аптаның екінші жартысында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, жақын адамдардың өмірін жақсартуға үлес қосасыз.

Шаян
Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартпаңыз, қиындықтың барлығы аз уақыт ішінде шешімін табады. Бұл аптада сәтті қадамдар жасалады. Таңғаларлық оқиға, күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Соның әсерінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бастайсыз.

Арыстан
Бұл аптада шығын көлемі азайып, біршама қарыздан құтыласыз. Жоспарыңызға қатысты өзгеріс енгізсеңіз, қолға алған жаңа жобаңыз нәтижелі болмақ.

Бикеш
Шығармашылық қабілетіңізді көрсететін орайлы уақыт туып тұр. Өте маңызды істе жолыңыз болады. Ол үшін уайымға берілмей, тек сол іске ден қойыңыз. Қаржылық мәселе де жылдам шешіледі.

Таразы
Күтпеген кездесулер орын алып, іскерлік қарым-қатынастағы шаруа оңтайланбақ. Сол үшін басыңыздан өткен жағдайды дұрыс бағамдаңыз. Әр күнді жақсылықпен әсемдеп, қуанышты өткізу өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Сарышаян
Аптада көптен арман-тілегіңіз орындалады. Өзіңізді бақытты сезінесіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жандандыруыңыз мүмкін. Әрі жаңадан кәсіп бастап, тұрғындарға қуаныш сыйлауға сізге орайлы мүмкіндік туып тұр.

Мерген
Аптаның әр күні сізді ерекше қуантады. Жақындарыңыз тарапынан жақсы жаңалық естіп, үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Сондай-ақ достарыңызбен тату қарым-қатынас орнатуға сәтті апта болмақ. Қаржы мәселесі де тез арада шешімін тауып, жаңа бастамаларға ден қоясыз.

Тауешкі
Апта жаңа таныстық үшін өте қолайлы болмақ. Жаныңызға жақын жанмен алдағы күндерге жоспар құрасыз. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар пайда болады. Бастысы отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Суқұйғыш
Ұнжырғаңыз түспесін. Апта барысында өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз бек мүмкін.

Балық
Апта біршама қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектену қажет. Бұл апта іскерлік байланысты нығайтуға қолайлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!