Тоқты

Алда сізді сәттілікке толы апта күтіп тұр. Ісіңіз өзіңіз күткеннен де жылдам өрге басады. Бойыңызда күш-қуат та тасып тұр. Біреулердің ұмытшақтықтан, ұқыпсыздықтан не жалқаулықтан тудырған мәселе­лерін шешу сіздің ғана қолыңыздан келеді. Істің тізгінін өз қолыңызға алған соң, қарамағыңыздағыларға бұйрық беруден, оларды басқарудан жасқанбаңыз. Есесіне нәтижесі жақсы болады.

Торпақ

Біраздан бері жолықпай кеткен жақын досыңызбен жүздесудің сәті түсіп тұр. Оған уақыт бөліп, көңіл-көтеріңіз, сырласыңыз. Бұл сіз үшін жақсы демалыс болады.

Апта күндерінде алдыңыздан шыққан игі істерден, қайы­рым­дылықтан бас тартпаңыз, белсенді болыңыз. Өмір жақсы­лығыңызды еселеп қайтарады. Ата-ана, туыстар, жақын дос пен сүйікті адамыңызбен араңызды барынша жақын ұстаңыз.

Егіздер

Бұл аптада қиындыққа тап болған жа­қындары­ңызға көмек қолын созуға мүм­кін­дігіңіз мол. Көмектесу-көмектеспеу еркі өзі­ңізде, әрине.

Маңызды шаруаларды назардан тыс қалдыр­маңыз. Оларды шешуді осы аптада қолға алсаңыз, көздегеніңізге жету оңай. Қаржыға келгенде аздап тарта жұмсағаныңыз жөн. Әсіресе, ұсақ-түйектерден бас тарта тұрыңыз.

Шаян

Алдағы жетінің барлық күні дерлік тыныш­тықта, маужыраған мамыражай кейіпте өтеді. Жан тыныштығын бұзбау үшін өзгелердің қатесіне түсіністікпен қарауды үйренесіз.

Маңызды кездесулер мен қайшылыққа толы пікірта­ластарға дайын бола жүріңіз.

Арыстан

Әріптестер мен серіктестер арасында игі, тілек­тестік қарым-қатынас орнатуға тыры­сыңыз. Мұндай атмосфера жұмы­сыңыз­дың алға басуына септігін тигізеді. Бұл аптада ойдағы жоспарларыңыз сәтті іске асады, ал, жаңа идея­ларыңыздың болашағы зор. Көптен күткен жұлдызды сәтіңіз де осы аптада тууы мүмкін, жіберіп алмаңыз.

Бикеш

Бұл апта сіздің барлық батыл да өр мақсат­та­рыңызға, идеяларыңызға қолдау білдіреді. Та­бысыңыз да едәуір қомақты бола түспек. Тек жос­­парларыңызды аздап жасырын ұстасаңыз бол­­ғаны. Өйткені, бәсекелестер де белсенді.

Таразы

Бұл аптада қай істе болмасын жо­лы­ңыз бо­лып, жұлдызыңыз оңынан туаты­нына сене беріңіз. Қай істі қолға алсаңыз да, оңай әрі тез ше­шіледі. Көмек қолын созушылар да көп болады. Жағ­дайға бейімделіп, қажет арнаға тез түсетін қасиетіңіздің де көп көмегі тиеді.

Сарышаян

Сарышаяндардың көпшілігінің жылдық еңбек демалысы осы аптаға түсіп тұр. Мүмкіндікті тиім­ді пайдаланып, саяхатқа аттанып кетсеңіз, сәтті­лік серігіңіз болады. Жақсы әсер мен жаңа білім­нің мол қорына кенелесіз. Тек жұлдызшылар жоспа­рыңызды алдын-ала көпшілікпен бөліспеуге кеңес береді.

Сүйіктіңіз осы аптада өзін тағы бір жақсы қырынан танытады. Сізге қатысты қарым-қатынасында бұрын­ғы­­дан да жомарт болғанын байқайсыз.

Мерген

Сізді ұзақ сапар не қызықты жаңа хобби күтіп тұр. Қызығушылығыңыз оянған барлық нәрсеге зер салып қараңыз. Білмегеніңізді сұрауға ұялмаңыз. Күнделікті қайталанатын нәрселердің өзін жаңаша әдіспен, жаңаша түрде жасауға тырысыңыз. Сонда өзіңіз үшін көп жаңалық ашасыз, таным көкжиегіңіз кеңейе түседі. Өзгелер болса біліміңіз бен қабілеттеріңізді бұрынғыдан да жоғары бағалайтын болады.

Тауешкі

Апта бойында ұсақ-түйектерге мән бер­меу­ге тырысыңыз. Бар назарыңызды негіз­гі құнды­лықтарға аударыңыз. Айталық, ден­саулық, жеке өмір немесе қор жинау сынды. Бір нәрсенің есігін жауып, екінші есікті саналы түрде ашуды үйреніңіз. Неғұрлым жылдам болсаңыз, соғұрлым әр күніңіз жемісті бола түседі.

Суқұйғыш

Бұл аптада жаңа нәрселерді үйренуге мол мүмкіндік ашылады. Курстар мен тренингтерге шақыру түссе, бас тартпаңыз. Өзіңіз үшін маңызды тақырыптағы мақа­лалар мен кітап­тармен танысып, зерттеп көріңіз. Бұл сіз ойла­ғаннан да қызық болуы, көптеген сұрақтарыңызға жауап табуыңыз мүмкін. Алған білімді өмірде қалай қолдану керектігін ойланып көріңіз. Нәтижесінде жаңа бір кәсіп ашып, сол арқылы тәп-тәуір табыс таба аласыз.

Балықтар

Өзіңізге көбірек еркіндік беріңіз. Жақсы­лап тынығып, күйзелістен арылыңыз. Жұмыс ағыны өз арнасымен ағып жатыр, жақын­дарыңыздың да жағдайы жақсы. Бұл сізге өзіңізге көбірек уақыт бөлуге, денсаулық пен дене күтімін қолға алуға мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!