Тоқты
Сіз үшін ең жайлы апта болғалы тұр. Түйсігіңізді көбірек тыңдаңыз. Ол сізге кімнің дос, кімнің дұшпан екенін айқын білдіреді. Қосымша табыс табу үшін барыңызды салыңыз. Кәсіби біліктілігіңізді арттыру жолында жұмыс жасаңыз. Алыс жерден қуанышты хабар келуі мүмкін.
Торпақ
Белсенді болыңыз. Бұл аптада алға қойған мақсатқа жетуге еңбек етіңіз. Бойыңызда тың күш пайда болады. Ал егер апталық демалысты тиімді пайдаланғыңыз келсе, аздап босаңсып, еркінсуге рұқсат. Мұндай жағдайда бар уақытты жеке өмірге, отбасына арнаңыз.
Егіз
Жанын салып, асқан қызығушылықпен жұмыс істеуге әдеттенгендер үшін сәтті апта. Жетістік пен мол табысқа кенелу мүмкіндігі жоғары. Басталған істі соңына жеткізуге және ұзақ мерзімді жоспар құруға қолайлы сәт. Көптеген жағымды таныстықпен қызықты шаралар күтіп тұр.
Шаян
Сәтсіздіктер кезеңі артта қалды. Қай істі қолға алсаңыз да, сәттілікпен қуантады. Дәл осы уақытты тиімді пайдаланып, шығармашылықпен айналысыңыз. Жаңа нәрсені үйреніп, таным көкжиегіңізді кеңейтіп, жаңа қырыңызды ашуға талпыныңыз.
Арыстан
Айналаңызға тыныштық орнатыңыз. Себебі, бұл аптада сізге жұмсалған қуаттың орнын толтыру қажет. Мүмкін болса, мойныңызға көп міндет алмаңыз. Біреумен ренжіссеңіз, татуласуға алғашқы қадамды өзіңіз жасаңыз.
Бикеш
Бірнеше істі мойынға қатар іліп алмаңыз. Өзіңіз үшін ең маңыздысын анықтап, сонымен ғана жұмыс істеңіз. Қызметтегі белсенділік – бұл мақтауға тұрарлық дүние. Дегенмен, денсаулық бәрінен маңызды. Сондықтан шаруаларды аздап кідіртіп, денсаулығыңызға мән беріңіз. Жаңа жоспарлар құрамын деп, бұрынғы аяқсыз қалған шаруаңызды естен шығармаңыз.
Таразы
Ойға алған шаруаларды жүзеге асыруға батыл кірісіңіз. Бұл жолда әріптестерден көмек сұрап, қол ұшын созғандарды кері итермеңіз. Өсек-аяңға мән бермеңіз. Салдарынан қате қадам жасасаңыз, зардабы өзіңізге тиеді.
Сарышаян
Бұл аптада табиғат аясында сейіл құрып, сапарға шықсаңыз, сәттілікке кезігесіз. Шығыны да аз болады. Қосымша табыс түскелі тұр. Қолыңызға тисе, өзіңіз бен жақындарыңызды қуантуға жұмсаңыз. Бұл сізге позитив пен жағымды энергия береді, адамдармен қарым-қатынасыңыздың жақсаруына септігін тигізеді.
Мерген
Бұрыннан келе жатқан шиеленіскен мәселенің бір ұшығы қолыңызға ілігеді. Сәтін жіберіп алмаңыз. Сол ұштан «тартып» қалсаңыз, көптеген түйінді тарқатасыз. Көптен күткен қаржы қалтаңызға түседі.
Тауешкі
Алдағы аптада кез келген жағдайда барынша сабырлылық сақтауға тырысыңыз. Сізді арандатқысы келген, сол арқылы абыройыңызға нұқсан келтіруді қалайтындардың құрығына ілінбеңіз. Бұл аптада ешкімнен қарыз сұрамаңыз, ешкімге қарыз бермеңіз.
Суқұйғыш
Дәл қазір сізге ең керегі – бойыңызды босаңсытып, тынығу. Жеке өмірде орын алатын кез келген тосынсыйға іштей дайын жүріңіз. Егер ол жайсыз болса, еш мойымаңыз, келесі кезек жақсы тосынсыйдікі. Ойыңызда көптеген жақсы идеялар туындайды. Жалқаулықтан арылып, идеяларыңызды жүзеге асыруға талпынсаңыз, табыс пен нәтижеге жетесіз.
Балық
Пайдасы тиетін ықпалды таныстармен қарым-қатынасыңызды жақсартыңыз. Сонда мансап баспалдағымен көтерілу мүмкіндігі туады. Әріптестер арасындағы абыройыңызға да жақсы әсерін тигізеді. Өзіңізге сенімді болсаңыз, осы аптада біршама биікті бағындырасыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!