​Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің психолог мамандарының ұйымдастыруымен оқшауланған аймаққа қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Ақиқат және жалған» тақырбында тренинг өтті.

​Бұл тренингке, №60 мекемесінің психолог маманы және теолог маманы мен мешіт имамы Мұстафа Бисен қатысып, сотталған азаматтар арасында тақырып бойынша пікірталастар жүргізді. Өткізілген іс-шара арқылы сотталған азаматтар ақиқат пен шындықты айтып, өз ойларын ашық жеткізе біледі. Сонымен қатар, пікірталас барысында бірнеше өзекті тақырыптар қозғалды. Жазасын өтеуші азаматтардың ойын сергіту мақсатында мекеме психологтары күнделікті жеке қабылдаулар жүргізіп, әр түрлі тақырыптарда топтық іс-шаралар ұйымдастырып отырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!