«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» атты бағдарлама аясында Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары» атты оқу сағаты өткізілді.

М.Мақатаев – Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосқан тұлға. Лирикалық ақынның поэзиялық туындылары қазақ әдебиетінен ерекше орын алды.

Шара барысында 7-сынып оқушылары қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өміріне шолу жасап, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалды. Сонымен қатар кітапханашы Л.Омарова оқырмандарға кітап көрмесін таныстырды.

Оқу сағатын мектеп кітапханашылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Маликова ұйымдастырды.

Л.Омарова,
Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта
мектептің кітапхана меңгерушісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!