Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны мініп жүрген көлігінің ұрлықы екенін 4 жылдан соң бір-ақ білген, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Көлік 2015 жылы Украинадан ұрланған болып шықты. Оны көліктің иесі төрт жыл мініп, дәл сататын кезде бір-ақ білген.
«Ол бұл көлігін 2019 жылы Қазақстан тұрғынынан сатып алған. 4 жыл мініп, 2023 жылы сатпақ болады, сөйтсе көлігі Украинада 2015 жылы жоғалған, іздеу жарияланған көлік болып шықты», – дейді облыстық сот.
Алданып қалған тұрғын көліктің төрт жыл бұрынғы иесінің үстінен шағым түсіріп, сол кездегі сатып алу туралы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінген. Азаматтық істі облыстық сот алқасы қарады.
«Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қанағаттандырылды, мәміле жарамсыз деп танылды. Сот көлікті қазіргі иесінен 4 жыл бұрынғы иесіне қайтарып, көлік құнын өндіру туралы шешім шығарды. Алданған тұрғынға автокөлік үшін төлем сомасы өндірілді», – дейді ведомство.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!