Баспана сұраған кез келген адамды қарсы алмақ.
Мобилизациядан қашқан ресейліктер АҚШ-тан баспана сұрай алады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер АҚШ шенеуніктері «баспана сұраған кез келген адамды» қарсы алатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Біз олардың азаматтығына қарамастан, олар АҚШ-тан баспана сұрай алады деп есептейміз. Әрбір өтініш қарастырылады», – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!