Ақтауда әйел кішкентай балаларымен көпқабатты үй кіреберісіндегі бетон еденге ұйықтап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAktau.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

видеодағы кадр

Оқиға 17 шілдеге қараған түні болған. Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған. Олардың сөзінше, әйел мас күйде болған.

Кейін куәгерлер полицияға жүгінген. Айтуларынша, олар тәртіп сақшыларын ұзақ күткен. Сонымен қатар балаларды тоңып қалмас үшін үйлеріне апармақ болған. Алайда балалар мұны қаламапты. Бейнежазбаға қарағанда, кейін қамқор адамдар балаларға жылы көрпе әкеліп берген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!